◾Адамдар қабірден қалай тұрады! Пайғамбарымыз (салаллаһу алейһи уә сәлләм) былай деді: «Қияметте үмбетімнен 12 топ төменде айтылғандай тіріледі: 1) Зекет бермеген адам қабірінен қарыны жылан мен шаянға толы болып, 2) Намазға немқұрайлы қараған адам доңыз кейіпінде, 3) Сауда-саттықта өтірік сөйлеп алдаған адам аузынан қан ағып, 4) Көршілерін қинаған адам аяқ-қолдары кесілген болып, 5) Аллаһу Та'аладан қорықпай, жасырын күнә істеген адам өлекседен де жаман сасыған күйде, 6) Өтірік сөйлеген, жалған куәгер болған адам тілі кесілген болып, 7) Ақиқатқа куәлік жасамаған адам тілсіз болып, 8) Зина етуші әурет жерінен ірің ағып, 9) Әділетсіз жетімнің мүлкін жеген адам қарны отқа толы болып, 10) Алкогольді ішімдік ішкен адам беті қызарып, көздері орнынан шығып кеткен, тістері өгіздің мүйізі сияқты шыққан, ерні қарнына, ал қарны санына дейін салбыраған күйде, 11) Ата-анасына қарсы шыққан адам терісін алапес, теміреткі қаптаған болып, 12) Жақсы амалдар жасаған, намазды жамағатпен оқыған және күнәға тәубе еткен адам жүзі толған айдай нұрланып тіріледі, сыратты найзағайдай өтеді.» (Тибян) Бұл жазылғандар күнәларына тәубе етпей өлгендерге қатысты. Тәубе еткен немесе сауабы күнәсынан көбірек болған адам жоғарыда айтылғандай жағдайда тірілмейді. Тағы бір хадис шәрифте айтылған: «Сөз тасыған адам маймыл, харам жеген адам шошқа түрінде, пайызқор адам басымен сүйретіліп, әділетсіз үкім берген соқыр болып, өз амалдарын ұнатқан адам тілсіз және керең болып, істері сөздеріне сай болмаған ғалым тілі кеудесінде салбыраған болып, тәкәппар шайырдан киім киіп тіріледі.» (Тибян)