🌙 ЫҚЫЛАС СҮРЕСІН ОҚУДЫҢ ҚАСИЕТІ... 🔻 «Ыхлас сүресін оқу, Құран кәрімнің үштен бірін оқығанмен бірдей» (Бұхари) 🔻 «Он рет Ыхлас сүресін оқыған адамға жаннаттан бір сарай беріледі.» (И.Ахмед) 🔻 «Жатарда жүз рет Ыхлас сүресін оқыған адам жәннатқа кіреді» (Тирмизи) 🔻 «Таң (бамдат) намазынан кейін 11 рет Ыхлас сүресін оқыған адамға жәннаттан бір сарай беріледі.» (Хараити) 🔻 «Таң намазынан кейін 12 рет Ыхлас сүресін оқыған адам, Құран кәрімді төрт рет хатм еткендей сауапқа қауышады.» (Бәззар) 🔻«Азанда кешке үш рет Ыхлас және муауиззәтәйн (Фәлақ, Нас) сүрелерін оқу бәле-жаладан және қиыншылықтардан қорғайды.» (Тирмизи) 🔻 «Үйге кірер кезде Ыхлас сүресін оқыған адам кедейшілік көрмейді.» (Т. Куртуби) 🔻 «Ыхлас сүресін оқыған мұсылманға жәннат уәжіп болады.» (Нәсаи) 🔻 «Кімде-кім сапарға шығарда 11 рет Ыхлас сүресін оқыса, Аллаһу та’ала сапардан қайта оралғанға дейін оның үйін қорғайды.» (И. Нәжжар) 🔻 «Арапа күні (барлығын бисмилләһпен айтып) мың рет Ыхлас сүресін оқыған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі және барлық дұғасы қабыл болады.» (Әбушшәйх) 🔻 «Мың рет Ыхлас сүресін оқыған адам өзін Аллаһу та’аладан сатып алған болады.» (Рафии) 🔻 «Жұма намазынан кейін жеті реттен Ыхлас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқыған адам бір апта қазадан, бәле-жаладан және жаман істерден қорғанған болады.» (Ибн Сүнни) 🔻 «Жатарда Фатиха және Ыхлас сүрелерін оқыған адам өлімнен басқа барлық нәрсенің зиянынан амандықта болады.» (Ибн Абдилбәрр) 🔻 «Үш нәрсені істеген адам жәннатқа қалаған есігінен кіреді: Құл ақысын өтеген, әр намаздан кейін 11 рет Ыхлас сүресін оқыған, жанына қас қылған дұшпанын кешіріп өлген адам.» (Бәриқа) 🔻 «Ешкімнің жанына, мал-мүлкіне, ар-намысына тимей, арақтан сақтанып, Ыхлас сүресін жүз рет оқыған мұсылманның елу жылдық күнәлары кешіріледі.» (Бәйһақи) 🔻 «50 рет Ыхлас сүресін оқыған мұсылманның 50 жылдық күнәлары кешіріледі.» (Дарими) 🔻 «Жұма намазынан кейін жеті реттен Ыхлас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқыған адамды Аллаһу Та’ъала келесі жұмаға дейін жамандықтардан қорғайды.» (Ибн Сүнни) 🔻 Алла елшісі бір жері ауырған кезде Фәлақ пен Нас сүрелерін оқып үстіне үрлейтін және ауырған жерін сипайтын. (Бұхари)

Теги других блогов: намаз Құран кәрім Ыхлас сүресі